Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » АУЫЛ ЖАСТАРЫ ЖОЛДАСТЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

АУЫЛ ЖАСТАРЫ ЖОЛДАСТЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ


«Спорт – денсаулық кепілі». Осы ұранды ұстанған Сырдария ауданына қарасты Нағи Ілиясов ауылдық округінің жастары бос уақыттарында спортпен шұғылдануды жөн санап, күнделікті футбол ойнауды әдетке айналдырған.
Бұл ауыл жастарының бірлігін және де игі іске бейім екенін білдіреді.
Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында бой көтерген ауылдық округтегі «Спорт кешені» бүгінде ауыл жастарының сүйікті мекеніне айналған.
Күнделікті кешкі сағат 20:00 мен 23:30 аралығында футбол алаңында бастары қосылатын ауыл жастары көршілес С.Сейфуллин ауылындағы замандастарымен футболдан жолдастық кездесу өткізді. Тартысты өткен спорт бәсекесі жоғары деңгейде өтіп, қос команда 6/6 есебімен тең түсті.
Спорттық іс-шара арқылы қос ауылдың жастарының байланысы артып, өзара пікір алмасты. Сәулеті келіскен көрікті ауылда алдағы уақытта да осы тектес іс-шаралар жалғасын табатын болады.



16 шілде 2018 ж. 939 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области