СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Елбасы Жолдауын жүзеге асыру мақсатында 2020 жылға қарай спортпен тұрақты шұғылданушыларды 30 пайызға жеткізу жоспарланған. Ол үшін спорт нысандарын көбейтуге ерекше басымдық берілуде.
Соңғы үш жылда Сырдария ауданы бойынша 3 спорт кешені, 1 стадион (Тереңөзек кентіндегі спорт кешені, Шаған ауылындағы спорт кешені, Н.Илясов ауылындағы стадион мен спорт кешені) пайдалануға берілді.
Аудан тұрғындарының спортпен шұғылданулары үшін қазіргі таңда 128 спорт нысандары жұмыс жасауда.
2017 жылы Сырдария ауданы, Ақжарма ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын салуға облыстық бюджеттен 192,3 млн.теңге қаржы бөлініп, қазіргі таңда «Мұнай құрылыс» мердігер компаниясы құрылыс жұмыстарын жүргізуде.
Аталған спорт кешенін үстіміздегі жылы пайдалануға беріледі.
Спорт кешенінде спорттық ойын түрлерімен қатар, баскетбол, волейбол, футбол, қол добы, қазақ күресі, таеквондо бөлімшелері жұмыс жасайтын болады.