Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » БАСҚАРМАНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

БАСҚАРМАНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

 
«Мұз айдыны» спорт кешенінің мәжіліс залында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасыныңағымдағы жылдың екінші және үшінші тоқсанын қорытындылаған алқа мәжілісі өтті. Мәжіліске аудандық, қалалық дене шынықтыру және спорт бөлім басшылары мен балалар-жасөспірімдер спорт  мектептерінің директорлары қатысты.
Мәжілісті ашқан басқарма басшысы Олжас Әкімов сегіз спортшыға ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ҚР  спорт шебері куәліктерін  тапсырды. Оны ішінде велоспортшы Ғабиден Әзен ҚР спорт шебері және халықаралық дәрежедегі спорт шебері, бокстан Қамшыбек Қоңқабаев ҚР еңбек сіңірген спорт шебері куәлігін иеленді. Қалған спортшылар Назерке Өмірғалиева (жеңіл атлетика), Гүлжайна Тыныбекова, Қожахмет Алтынбек (екеуі де байдарка мен каноэде есу), Ерсұлтан Әли (велоспорт), Әзиз Санатбаев пен Ақжол Зайыпқа (екеуі де бокс) ҚР спорт шебері куәлігі берілді.
Күн тәртібінде №4 және №5 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектептерінің білікті спортшылар мен спорт резервтерін дайындау   жұмыстары, Сырдария және Жалағаш аудандарының дене шынықтыру және спорт бөлімдерінің «Дене шынықтыру және спорт саласының негізгі көрсеткіштері» әкімшілік деректердің нақтылығы туралы  хабарламалар жасалынды.
Алқа мәжілісі қаралған мәселелер бойынша тиісті қаулы қабылдады.
05 қараша 2017 ж. 981 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области