ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
«Мұз айдыны» спорт кешенінің мәжіліс залында ағымдағы жылдың екінші және үшінші тоқсанды қорытындылаған алқа мәжілісі өтті. Мәжіліске аудандық, қалалық дене шынықтыру және спорт бөлім басшылары мен балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің директорлары, орынбасарлары қатысты.
Мәжілісті бастау алдында басқарма басшысы Олжас Акимов сегіз спортшыға ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ҚР спорт шебері куәліктерін тапсырды. Оны ішінде бокстан Қамшыбек Қоңқабаев ҚР еңбек сіңірген спорт шебері атағымен марапатталса, велоспорттан Ғабиден Әзен ҚР спорт шебері және халықаралық дәрежедегі спорт шебері куәліктерін иеленді. Қалған спортшылар Назерке Өмірғалиева (жеңіл атлетика), Гүлжайна Тыныбекова, Қожахмет Алтынбек (екеуі де байдарка мен каноэде есу), Ерсұлтан Әли (велоспорт), Әзиз Санатбаев пен Ақжол Зайыпқа (екеуі де бокс) ҚР спорт шебері куәлігі берілді.
Күн тәртібінде №4 және №5облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектептерініңбілікті спортшылар мен спорт резервтерін дайындау жұмыстары, Сырдария және Жалағаш аудандарының дене шынықтыру және спорт бөлімдерінің «Дене шынықтыру және спорт саласының негізгі көрсеткіштері» әкімшілік деректердің нақтылығы туралы хабарламалар жасалынды.
Алқа мәжілісі қаралған мәселелер бойынша тиісті қаулы қабылдады.