АУЫЛДАҒЫ МЕРЕКЕЛІК ШАРА
Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасына орай облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ, Қызылорда облысының «Жастар Одақтары» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні және Астана қаласының 20 жылдығына арналған жастар керуені Қазалы ауданындағы Ғ.Мұратбаев және Қарашеңгел ауылдық округінде мерекелік шара өткізді.
Ғ.Мұратбаев ауылында өткен кездесуде «Орталық студияда Бағлан Қалиев» жобасы ұйымдастырылып, студия қонағы аудандық мәслихат депутаты Бауыржан Тәңірбергенұлы болды.
Ауыл жастары керуен құрамындағы қатарларына түрлі сауалдар қойылып, еркін пікір алмасты.
Қарашеңгел ауылдық округінде өткен концерттік бағдарлама да ауыл жастарының көңілінен шықты.