ЖАСТАР БАСТАҒАН АКЦИЯ ЖАЛҒАСТЫ БОЛАДЫ
Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен және «Қызылорда облысының жастар Одақтары» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Жастар таза өлке үшін» атты экологиялық жастар акциясы өтті.
Акция аясында жүзге жуық «Жасыл ел» сарбаздары және қала белсенділері облыс орталығының Шанхай ауданындағы «Светлый канал» аймағын күл -қоқыстан тазартты.
Олар бұл акцияның алда да жалғасатынын айтып, қала тұрғындарын туған жеріне жанашырлық танытуға және осындай тазалық акцияларына белсене атсалысуға шақырды.