Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЖАҢАЛЫҒЫ КӨП АУЫЛ

ЖАҢАЛЫҒЫ КӨП АУЫЛ


    Аудан әкімі Сұлтан Мақашов Ақтөбе ауылдық округінің тұрғындары алдында өзінің 2017 жылға арналған есеп беру жиынын өткізді. Ауылдық мәдениет үйінде өткен жиынға ауыл тұрғындары, аудандық мәслихат депутаттары, бөлім, мекеме басшылары қатысты.
    Округте өткен жылы «Достық калпе» сүт өнімдерін өңдеу бағытында ауылшаруашылық өндірістік кооперативі құрылды. Қазіргі уақытта кооперативтің 33 мүшесі 273 бас мүйізді ірі қара сатып алып, жұмыстарын бастауда. Кооперативтің алға қойған негізгі мақсаты сүт өнімдерін шикізат түрінде емес өнімді өндеу және сату жұмыстарын жүргізу. Сондай ақ, өткен жылы ауылда еңбек ардагері Е.Сексенбаевтың 100 жылдық тойы кең көлемде аталып өтті. Айтулы шара аясында ауылға кіре беріс жолдан бастап орталық көшелер және мәдениет үйі жөнделіп, ауыл орталығынан көрікті саябақ салынды.
    Ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеу мақсатында «Ақтөбе и К» ЖШС-нің құны 210 млн теңге болатын күріш өңдеу зауыты іске қосылды. Оған қосымша жоба құны 80 млн теңге болатын сиымдылығы 10 мың тонна астық сақтайтын қойма құрылысы салынып, пайдалануға берілген болатын.  
    Сондай ақ, өндірістің өңдеу саласын арттыру және жаңа жұмыс орындарын ашу үшін өткен жылы «Қармақшы-Құс» ЖШС-нің «Қуаттылығы жылына 1500 тонна құс етін өндіретін зауытын ашу» жобасы бойынша құрылыс жұмыстары басталды. Ағымдағы жылдың соңына дейін зауыт іске қосылатын болады. Кездесу барысында ауыл азаматтары атқарылған істер мен межеленген міндеттерге өз бағасын берді.

18 қаңтар 2018 ж. 696 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области