Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » » КООПЕРАТИВТЕР ҚАТАРЫ АРТТЫ

КООПЕРАТИВТЕР ҚАТАРЫ АРТТЫ


    «Агроөнеркәсіп кешенін дамыту мақсатында ауданымызда бүгінде Шиеліде  197 майда қожалық пен 232 дара кәсіпкердің бірігуімен 27 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылды. Оның ішінде 4 кооператив егін шаруашылығы бағытында, 3 кооператив мал шаруашылығы, 19 кооператив аралас бағытта және 1-і сүт өңдеу бағытында жұмыс жасайды. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
    Бүгінгі күні «Шиелі төрт түлігі» кооперативі ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан өз кәсібін әрі қарай дамытуға 61 млн. теңге несие алса, «Шиелі Ырысы» кооперативі жыл басынан бері 230 млн. теңгеге несие алып, сүт бағытындағы мүйізді ірі санын 1000-ға жеткізіп отыр.
    «Жөлек Ырыс» кооперативі МІҚ басын көбейту мақсатында «Өңірлік инвестициялық орталықтан» 15 млн. теңге қаржы алып, жұмыс жасауда.
    Бүгінгі таңға ауыл шаруашылығы кооператив мүшелерін несиелендіріп, кәсіпкерлікті дамыту өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Осыған орай ауданымыздан 8 ауыл шаруашылығы кооперативінің атынан «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-на 100 млн-нан несие алуға өтінім берілді.

07 желтоқсан 2017 ж. 831 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области