Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨРКЕНДЕП КЕЛЕДІ

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨРКЕНДЕП КЕЛЕДІ


    Арал аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Сәбитжан Меңдібайұлының айтуынша ауданда «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан» мемлекеттік бағдарламалары аясында 15 шаруашылық несие алған.  Оның ішінде 9 шаруашылық «Сыбаға», 4 шаруашылық «Алтын асық», 2 шаруашылық «Құлан» бағдарламаларымен қаржылай қолдау тапты. Ал, «Сыбаға» бағдарламасы бойынша үстіміздегі жылға 262 бас аналық сиыр, 9 бас бұқа сатып алу жоспарланған болатын. Қазіргі таңда ауданда аталмыш бағдарламаның орындалуы ойдағыдай. 9 шаруашылық 30 млн. 200 мың теңге несие алып, оған 175 бас аналық сиыр, 10 бас асыл тұқымды бұқа сатып алды.
    -  Жалпы, бағдарламаның орындалуы 66,8 пайызды құрап, жыл аяғына дейін 87 бас аналық сиырды алатын болып отырмыз. «Арал ырысы» кредиттік жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен күні бүгінге Ақирек ауылдық округінен жеке кәсіпкер Төлеген 10 бас аналық сиыр, 3 бас қашар, Қарақұм ауылдық округінен Жасұлан шаруа қожалығы 11 бас аналық сиыр алынды. Сөйтіп, 199 аналық бас болып жоспар 77 пайыз орындалды және 63 бас аналық сиырды сатып алатын болып отырмыз, - дейді бөлім басшысы.
    Ал, «Алтын асық» бағдарламасы аясында осы жылға 125 бас қой және 5 бас қошқар сатып алу жоспарда болса, қазіргі таңда 4 шаруашылық 6 млн. 600 мың теңге несие алып, оған 212 бас аналық қой, 9 бас асыл тұқымды қошқар сатып алды. Бұл бағдарлама 169, 6 пайызға артығымен орындалды. Сондай-ақ, Қаратерең, Ақирек, Қосжар, Сазды  ауылдық округтерінен  4 шаруашылық несие алып, жұмыстарын жүргізуде.
    Үстіміздегі жылға «Құлан» бағдарламасын орындау мақсатында 62 бас жылқы және 5 бас асыл тұқымды айғыр сатып алу жоспарланған еді. Міне, енді бүгінгі күнге 2 шаруашылық 16 млн. 500 мың теңге несие алып, оған 51 бас аналық жылқы, 4 бас айғыр  сатып алынған.

03 қараша 2017 ж. 1 365 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области