Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Емханаға онлайн тіркелу үшін не қажет?

Емханаға онлайн тіркелу үшін не қажет?

Kyzylorda-news.kz. Қазақстандықтар egov.kz электронды порталы, Telegram bot арқылы емханаға онлайн режимінде тіркеле алады. Өтініш бір жұмыс күні ішінде өңделеді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.Онлайн тіркелу үшін азамат http://egov.kz сайтына өтініш жасап, «Медициналық көмек» батырмасындағы «Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркелу» қызметін таңдауы қажет. Одан соң «Қызметке онлайн тапсырыс беру» түймесін басу керек.
Өтініш сәтті жолданғаннан кейін порталда «Сұраныс өңделуде» мәртебесі пайда болады.
Емхананың үйден, жұмыстан және т.б. 15-20 минут жаяу жүретін жерде орналасқаны жөн. Бұл дәрігерлерге қажет болған жағдайда үйіңізден жедел көмек көрсетуге, бүкіл отбасыңызбен бір дәрігерге қаралуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, тұрғылықты жер бойынша емханаға Telegram bot арқылы тіркелу мүмкіндігі бар, ол үшін Telegram мессенджерінде @Kenes1414Bot-қа жазылып, қарапайым тіркеуден өтіп, ары қарай қызмет түрі: медициналық ұйымға мессенджер арқылы тіркелуді таңдап, емхананы таңдау қажет. Қызметті көрсету мерзімі – бір жұмыс күні.
Ботпен жұмыс жасауды бастау үшін eGov.kz-ке тіркелген болып, ұялы телефонның нөмірін порталдың профиліне байланыстыру қажет. Телефонды тіркеу және байланыстыру ЭЦҚ пайдалана отырып жүзеге асырылады.
Сонымен қатар, iKOMEK109 бірыңғай байланыс орталығына хабарласып, азаматтың қаланың белгілі бір емханасына тіркелгені туралы ақпарат алуға болады.
08 қаңтар 2020 ж. 316 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области