Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 11 қаңтар: Атаулы күндер мен оқиғалар

11 қаңтар: Атаулы күндер мен оқиғалар

Бүкіләлемдік «Рақмет» күні.
Қаңтардың 11-і жылдың ең «әдепті» күні болып саналады - бұл күні Бүкіләлемдік «рақмет» күні тойланады. БҰҰ мен ЮНЕСКО-ның бастамасымен пайда болған бұл мерекенің өзіндік мағынасы мол, өйткені бұл мерекені азаматтығына, ұлтына, діни сенімдеріне қарамастан бүкіл әлем болып тойлайды.

2006 жылы Астанада тәуелсіз Қазақстан тарихындағы маңызы зор оқиға - Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланған Нұрсұлтан Назарбаевты ұлықтау рәсімі өтті. Салтанатты рәсімге 7 мемлекет президенті, әлемнің 20-дан астам мемлекетінің үкімет және парламент басшылары, Біріккен Ұлттар Ұйымы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Еуропа одағы халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

2006 жылы «Ақорда» резиденциясында Қазақстан Президенті лауазымына қайта сайланған Нұрсұлтан Назарбаевты ұлықтау рәсімінде «Менің Қазақстаным» әні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні ретінде алғаш рет орындалды. Нұрсұлтан Назарбаев - ҚР Мемлекеттік әнұраны мәтінінің теңавторы.

2011 жылы режиссер Болат Шәріповтің қазақтың тұңғыш кәсіби дипломаты Нәзір Төреқұловқа арналған «Өкілетті елші» деректі фильмі түсірілді. Нәзір Төреқұлов КСРО-ның ислам әлеміндегі алғашқы елшісі болды.
11 қаңтар 2020 ж. 370 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области