Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 13 қаңтар: Ел тарихында орын алған оқиғалар

13 қаңтар: Ел тарихында орын алған оқиғалар

1924 жылы «Ақ жол» газетінде С. Қожановтың демократия мәселелеріне қатысты өз ұстанымын білдірген мақаласы жарияланды.
«Демократия партия жасау жолында пайдаланылуы керек. Демократия - тілмаштар үшін емес, партия жұртшылығы үшін, әсемдік үшін емес, халықты көтеру үшін», - дейді ол өз мақаласында.

1926 жылы Қошке (Қошмұхамбет) Кемеңгеровтің «Алтын сақина» пьесасымен қазақтың бірінші кәсіби ұлттық театры - Қазақ драма театрының (қазіргі М.Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театры) ресми ашылу рәсімі өтті. Өнер ұжымы алғаш рет 1925 жылы Қызылорда қаласында ұйымдастырылған болатын. 1929 жылы театр труппасы Алматыға қоныс аударды. 1937 жылы академиялық мәртебесін алса, ал 1961 жылы қазақтың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтің есімі берілді. Театр сахнасында халық шығармашылығының танымал шеберлері: Иса Байзақов, Әміре Қашаубаев, Серке Қожамқұлов, Қалибек Қуанышбаев, т.б. өнер көрсеткен. 1926-1932 жылдары театрға актер және режиссер Жұмат Шанин басшылық жасаған.

1934 жылы Алматыда Қазақ музыкалық драма театры (қазіргі Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры) құрылды. Театр сахнасында ең бірінші Мұхтар Әуезовтің «Айман-Шолпан» спектаклі мен Бейімбет Майлиннің «Шұға» драмасы қойылды.

2004 жылы Қазақстан Республикасының рухани және білім беру салаларын дамыту, мәдени мұраларды пайдаланудың тиімділігін арттыру мақсатында «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы қабылданды.
13 қаңтар 2020 ж. 237 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области