Абай шығармалары өмірге азық болар ойларға тұнып тұр

Бүгінгі Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» мақаласында айтылған мағыналы ойлар жастарды ғылым-білім үйренуге шақырып, адам бойында кездесетін жақсы, жаман қасиеттердің жігін түсінуге жетелейді.
Расында, «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, таңырқа!» дегендей, мен бала күнімнен ойшыл ақынның берер өнегесін бойыма сіңіріп келемін. Тәрбиелік арнаның қайнар көзі жатқан 150-ден астам өлеңі мен бір поэмасын жатқа білемін. Өзімнен кейінгі бауырым да қазақтың кемеңгер тұлғасының туындыларын оқып, өсіп келеді. Себебі өмірге азық боларлық асыл ойлардың Абай жырларында тұнып тұрғаны баршаға мәлім. Міне, бүгінгі мақала да соған дәлел.
Елена Пак,
Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік
университетінің 2 курс студенті
Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік
университетінің 2 курс студенті