10 қаңтар күні еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады
Kyzylorda-news.kz. Синоптиктер 10 қаңтар күнгі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстан территориясының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Еліміздің оңтүстігінде және оңтүстік-батысында кей жерлерде жауын-шашын жауады, ал қалған аймақтарда қар жауады.
Кей жерлерде тұман болады, оңтүстік пен батыста - көктайғақ.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын көтеріледі.
Түркістан облысының кей жерлеріне тұман түседі, күндіз жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.
Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Таңертең және күндіз жел жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Манғыстау облысының кей жерлеріне тұман түсіп, күндіз көктайғақ болады.
Атырау облысында да солай - тұман мен көктайғақ.
Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлеріне тұман түседі.