Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Көктайғақ, тұман, жел - 4 желтоқсандағы ауа райы

Көктайғақ, тұман, жел - 4 желтоқсандағы ауа райы

Kyzylorda-news.kz.  «Қазгидромет» РМК 4 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынады.
Сәрсенбіде Қазақстан территориясының басым бөлігінде ауа ағындарының өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерде жаңбыр және қар жауады. Тек республиканың оңтүстік-шығысы антициклонның ықпалында болғандықтан жауын-шашынсыз. Республиканың кей жерлерінде – тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, желдің күшеюі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болып, тұман түседі, желдің күші 15-20, Жарма ауданында күндіз – көктайғақ, желдің екпіні 25 м/с жетеді.
Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Актөбе облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, Ақмола облысының күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы 17-22 м/с жетеді, түнде кей жерлерінде тұман күтіледі.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, таңертең және күндіз көктайғақ болуы ықтимал. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз жаяу бұрқасын болады.
Түркістан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.
04 желтоқсан 2019 ж. 347 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру