Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Bek Air әуе кемесінің ұшуға жарамды екені хабарланды

Bek Air әуе кемесінің ұшуға жарамды екені хабарланды

Kyzylorda-news.kz. Bek Air апатқа ұшыраған ұшақтың ұшуға жарамды болғанын мәлімдеді. Өз сөзін растау мақсатында компания оңтүстік астанада құлаған Fokker-100 ұшағының сертификаттарының электронды нұсқасын жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Жарияланған мәліметтерге сәйкес, оңтүстік астананың әуежайы маңында апатқа ұшыраған Fokker-100 ұшағына сертификат бір жыл бұрын және 2010 жылы берілген.
Айта кету керек, оларды Америка Құрама Штаттары мен Еуропалық Одақтың авиациялық комиссиясы шығарды.
Компанияның баспасөз қызметінің айтуынша, жариялаған құжаттар дәл осы сертификатқа ие голландиялық Fokker Service B.V компаниясы әуе кемелерінің осы түрінің жарамдылығын қолдауды қамтамасыз ететіндігінің дәлелі болып табылады.
Компанияның қоғаммен байланыс бөлімі бұл сертификаттардың тек біздің елде ғана емес, бүкіл әлемде бағаланатынын атап өтті.
Сондай-ақ, Bek Air ашық тергеуге дайын екенін, сондай-ақ барлық қол жетімді ақпаратты ұсына алатындығын мәлімдеді.
Компания, бұдан бөлек, арнайы сұйықтықпен өдеу мен соқтығысу уақыты көрсетілген бейнелерді ұсынды.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін 27 желтоқсанда Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған Bek Air әуе компаниясының рейсі апатқа ұшырағаны хабарланды.
Қайғылы жағдайға қатысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пікір білдіріп, қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты және зардап шеккендерге көмек көрсетілетінін мәлімдеді.
10 қаңтар 2020 ж. 205 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области