Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Абай даналығы – ұлт жаңғыруының негізгі кілті

Абай даналығы – ұлт жаңғыруының негізгі кілті

Абай–елдік мұраттың айнымас темірқазығы
Қасым-Жомарт Тоқаев

Темірқазық – түні бойы жарқырап жанып тұратын, қаққан қазықтай орнын ерекше сақтап тұратын «нұрлы жұлдыз». Темірқазық жұлдызының нұры басқа жұлдыздарға қарағанда молырақ. Өзіне қарап бағыт алған жолаушысын адастырмайтын «бағдар жұлдыз». Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың хакім Абайды – елдің «темірқазығына» теңеуі өте орынды деп білемін. Себебі Абай ілімі, Абай даналығы – қазақтың маңдайына біткен алтын қазынасы.
Биыл хакім Абайдың туғанына 175 жыл. Осыған орай, түрлі іс-шаралар ұйымдастырылатыны анық. «Бірақ мұның бәрі той тойлау үшін емес, ой-өрісімізді кеңейтіп, рухани тұрғыдан дамуымыз үшін өткізілмек» деген ұтымды пікірді Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» мақаласында айтқан болатын.
Иә, ұйымдастырылған іс-шараның басы-қасындағы педагог-мұғалімдер осы сөзді жадында ұстап, оқушылардың санасына Абай даналығын жүйелеп, зерделеп сіңіруі тиіс. Қазақстандық әрбір жас буын Абайдың «Адам бол!» принципін жете түсініп, өмірлік қағидасына айналдырса, қандай керемет! Біз, мұғалім мамандығының иелері, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеуде де осы принципті ұстануымыз керек. Себебі ұлтты тәрбиелеу – тал бесіктен басталады.
«Әр шаңырақта Абайдың кітабы мен Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романы тұруы керек деп санаймын». Мемлекет басшысының пікірін ұстана отырып, біз осы құндылықтарды мәдениетіміздің жауһарына айналдыра білуіміз керек әрі өмірде практика жүзінде қолданғанымыз жөн. Мәселен, Абайдың екі том кітабын жастайынан жаттап, тілін сындырып өскен бала өмірге ойлы көзқараспен қарайтын еді. Алайда, құр жаттап қана қоймай, Абай аталарының әрбір сөзінің түйінін ағытып, мағынасын түсіне білсе, нұр үстіне нұр болар еді ғой. Ал төрт томдық «Абай жолы» романы тұнып тұрған салт-дәстүр, әдет-ғұрып, тәлім-тәрбиенің қайнар көзі. Әрбір шаңырақта осындай құндылықтарды бойына сіңіріп өскен жалынды жас барда Абай –қазақ халқының «төл брендіне» айналатыны сөзсіз емес пе?!
Мемлекет басшысының мақаласынан түйер ой көп. Мақаланы негізге ала отырып, ұтымды пікір айтып қана қоймай, іс жүзінде көрсетер мүмкіндік туды.
Өміріміздің әр сәтінде Абайдай темірқазығымыздың бағытымен жүрсек, нұрдай жаңару үстіне жаңғыра беретініміз анық!

Нағашыбай ТӨЛЕПОВ,
Арал қаласындағы №13 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

13 қаңтар 2020 ж. 319 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области