Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «Bek Air» рейстеріне сатылған билет құны толығымен қайтарылады

«Bek Air» рейстеріне сатылған билет құны толығымен қайтарылады

Kyzylorda-news.kz.  «Bek Air» әуе компаниясының ұшпай қалған рейстерінің билет құны жолаушыларға толығымен қайтарылады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлайды.
«Халықаралық әуе кемесі қауымдастығының (ИАТА) ақпаратына сәйкес, қазіргі уақытта «Bek Air» әуе компаниясынан Z9 жеке идентификаторы (коды) қайтарылып алынбаған. Осы код аталған әуе компаниясына тиесілі», - делінген министрліктің хабарламасында.
Z9 кодын қайтарып алудың өзі де – «Bek Air» орындалмай қалған рейстерінің авиабилеттерінің қайтару жұмысына еш әсер етпейді.
«Әуе компаниясының ИАТА коды – ИАТА әуе компаниясымен берілген 2 немесе 3 символды жеке идентификатор. Бұл код ИАТА-ның № 762 резолюциясына сәйкес беріледі. Әуе компаниясының кодтарын әуе компаниялар, билет сатылымы бойынша агенттіктер, билеттерді брондау жүйелері мен авиациялық тасымалға қатысты өзге де кәсіпорындар пайдаланады. «Бэк Эйр» әуе компаниясының орындалмай қалған рейстерін билет алған адамдар алған жерінен билет ақшасын толығымен қайтарып ала алады», - деді министрлік.
Министрлік тараптардың бірі міндетін орындамаған жағдайда ҚР Азаматтық кодекстің 9-бабына сәйкес, екінші тарап сот органы арқылы келтірілген материалдық және моральдық шығынды талап ете алатынын еске салды.

15 қаңтар 2020 ж. 247 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области