Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Әуе билетінің бағасы неге жиі құбылады? Ұшақ жолаушылары тағы нені білуі тиіс?

Әуе билетінің бағасы неге жиі құбылады? Ұшақ жолаушылары тағы нені білуі тиіс?

Kyzylorda-news.kz. 2012-2018 жыл аралығында еліміздегі әуе билетінің бағасы тұрақты түрде өсіп отырған, деп хабарлайды Informburo.kz.
Әуе сапары мен туризмге арналған The Blue Swan Daily порталының дерегінше, Қазақстанда жыл сайын үш мыңдай әуе рейсі жасалады. Оның екі мыңға жуығы – ішкі рейстер болса, қалған бөлігі сыртқы рейстерге тиесілі. 2019 жылы жолаушылар ағыны әлдеқайда артты. Бұған FlyArystan лоукостерінің жұмыс істей бастауы бірден-бір себеп. Жаңа әуе компаниясы билет нарығында төңкеріс жасағанымен, билет бағасының қалай қалыптасатыны көпшілік үшін әлі түсініксіз. Осының әсерінен жолаушылар тарапынан әуе компанияларына деген негативті көзқарас күшейіп тұр.

Бағаның қалыптасу механизмі қандай?
Бүгінде әуе билетін онлайн рәсімдейтін жолаушылардың үлесі тым жоғары. Әуе компаниясының кассаларына арнайы барып билет алатындар саны мүлде аз болса, мұндай компаниялардың электронды ресурстары арқылы билет алатындар да көп емес. Көпшілік үшін Tickets.kz, Aviata.kz, Chocotravel.com сынды билет сату сервистері арқылы онлайн билет рәсімдеу әлдеқайда қолайлы. Бірақ минут сайын құбылатын әуе билеттерінің бағасы көп адамның көңілін түсіреді. Аз ғана уақыт ішінде аспандап кете беретін бағаны ауыздықтау қиын болып тұр.
«Біз адамдарға билет сатып алудың ыңғайлы жолдарын ұсынамыз. Ал сайттағы билет бағалары әуе компаниясының баға саясатына тікелей байланысты қалыптасады. Біз оған ықпал ете алмаймыз. Бағаны өсіретін де, төмендететін де – әуе компаниясы. Әрине, қандай да бір транзакциялық қызметтерге байланысты баға үстемелейтін кезіміз болады. Бірақ ол үстемеақы әуе компаниясы ұсынған бағаны қатты қымбаттатпайды» – деді бұл орайда халықаралық TTN холдингінің құрамына кіретін Tickets.kz компаниясы басшысының орынбасары Антон Кочергин.
Ендеше, әуе компаниялары бағаны неге құбылтады? Ол үшін әуе билетінің құны неден құралатынын білу қажет. Әуе билеті бағасының бір бөлігі – тариф болса, екінші бөлігін алымдар мен төлемдер құрайды. Тариф, әрине, әуе сапарының құны, оны әуе компаниясы өз саясатына сәйкес, маршруттың ұзақтығын, бронь класын, ұшу маусымын ескере отырып, белгілейді. Ал алымдар мен төлемдер – әуежайға төленетін қаражат пен отын, сақтандыру, сервис қызметтерінің ақылары болып табылады. Яғни, әуе билетінің екінші бөлігі әуе компаниясының серіктестері белгілейтін бағаға тәуелді болады. Әуе билеті бағасының өзгеруіне осы екі фактор тікелей ықпал етеді. Дегенмен, басым үлесін, әрине, тариф құрайды. Еске сала кетсек, қыркүйек айында Алматы халықаралық аэропортының Тарифтік саясат және қаржылық бақылау бөлімінің жетекшісі Арнат Ахметжанов Әуе компанияларының әуежай қызметі үшін шығыны билеттің өзіндік құнының 7 пайызынан аспайтынын мәлімдеген болатын.
FlyArystan компаниясының Сату және маркетинг бөлімінің директоры Жанар Жайлауованың айтуынша, бірнеше адамның бір уақытта онлайн билет рәсімдеуі де бағаның өзгеруіне әсер етеді.
«Мысалы, бір клиент біздің компанияның сайтына кіріп билет қарайды делік. Бес минуттан соң қайтадан кіріп, сол билетті алайын дегенше баға өзгеріп кетеді. Өйткені бұл уақытта оны басқа жолаушы алып қоюы мүмкін. Тиісінше, басқа билет бағасы қымбаттайды. Онлайн сатылым жүйесінде әр минут үлкен роль ойнайды. Сондықтан, жолаушылар билетті ертерек рәсімдегені абзал. Қазір әуе компаниялары көктем-жаз маусымына билеттер сатылымын бастады. Алдын ала демалысын жоспарлаған адамдар арзан билет ала алады. Ал күн жақындаған сайын арзан билет табу мүмкіндігі де азая береді», – деді Жанар Жайлауова.
Жолаушыларды тікелей рейстер мен әуе кемесін ауыстырып мінетін рейстер бағасындағы айырмашылық та алаңдатады. Көп адамда рейстің екінші түрі қолайсыздықтар тудыратындықтан, оның бағасы арзан болу керек деген түсінік қалыптасқан. Шындығында, бұл олай емес. Әрбір рейстің жалпы ұшу құны жоғарыда атап өткен тәсілмен құралатынын еске алсақ, орын ауыстыру рейстері тікелей рейстен арзан болуы мүмкін емес.
14 желтоқсан 2019 ж. 311 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области