Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЕЛІМІЗДЕ ТҰҢҒЫШ РЕТ ҚЫЗЫЛОРДАДА ЭЛЕКТРОНДЫ БИЛЕТ ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛЕДІ

ЕЛІМІЗДЕ ТҰҢҒЫШ РЕТ ҚЫЗЫЛОРДАДА ЭЛЕКТРОНДЫ БИЛЕТ ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛЕДІ

Қызылорда автобус паркінде қолданысқа енгізілетін электронды билет жүйесінің таныстырылымы өткізілді. Алдағы күндері жолаушылар жолақысын қолындағы смартфондары арқылы төлей алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
  Электронды жүйенің жұмыс жасауы мүлдем қарапайым. Бар болғаны ANDROID операциялық жүйесіндегі Play Market қосымшасы арқылы «IPAY» ЖШС-мен жасақталған OyBy мобильді көмекші жүктемесін орнатып, көмекші қосымшамен автобус салондарында орналасқан «QR» кодтар арқылы жол жүру ақысын бірліктеріңіз есебінен төлей аласыздар. Төлемдер автобус кондукторлары қолындағы қондырғылар арқылы бақыланып, тікелей Автобус парк орталығындағы экрандар арқылы сол мезетте көрінеді.
  «Алдағы уақытта бұл кодтар автобус паркіне тиесілі барлық автобус салондарына орнатылады. Сол секілді смартфонсыз жолаушылар үшін жолақысын қолма-қол төлем түрі де қалдырылады. Заманауи электронды билет жүйесінің бұл түрі еліміз бойынша Қызылорда қаласында ең бірінші болып қолданысқа енгізіліп отыр», дейді қала әкімінің баспасөз хатшысы Руслан Қаюпов.
  Бұл шараны ұйымдастырушылар Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойына жасалған тарту екендігін айтады. Себебі, жүйені орнатуға ешқандай қаржы жұмсалмаған. Әділет Қаңтарбаев


20 сәуір 2018 ж. 620 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области