ЭЛЕКТРОНДЫ БИЛЕТ ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУ БОЙЫНША ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ ӨТКІЗІЛДІ
"Қызылорда автобус паркінің" әдістемелік кабинетінде "Алматы қаласының Көлік Холдингі" ЖШС директоры Садир Хамраевтың қатысуымен "Оңай" электронды билет жүйесінің таныстырылымы жүргізілді.
Жүйені енгізудің жолдары, оның артықшылықтары бойынша парктің жауапты мамандарына түсіндірме жасалды.
Қоғамдық көліктердің бүкіл қозғалысын бақылауда, олардың қызметін алдын ала жоспарлауда жобаның тиімді тұстары насихатталды.
Семинар облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының, Қызылорда қаласы әкімдігінің, "Қызылорда автобус паркі" ЖШС, "Ұшқыр жебе" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткізілді.
Алдағы уақытта республикадағы басқа да қалаішілік қоғамдық көлік тасмымалы жолға қойылған қалалардың тәжірибесімен бөлісу бойынша семинарлар өткізілетін болады.