Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Сырдария суы төмендеп келеді – ТЖК

Сырдария суы төмендеп келеді – ТЖК

Kyzylorda-news.kz. Сырдария өзенінің суы төмендеп келеді. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының орынбасары Барат Дұзақбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Сырдария өзені гидрологиялық бекетінің Қараұзақ бекетіндегі судың нақты деңгейі 695 см-ді құрайды. 13 қаңтар күнгі сағат 18-ден бастап су деңгейі 2 см-ге төмендеді. Бұл орайда айта кетерлігі, қауіпті белгі 665 см, ал қатерлі белгі 770 см саналады. Таяу жатқан Жосалы елді мекеніне дейінгі арақашықтық - 300 метр», - деді ол.
Оның айтуынша, Сырдария-Жосалы бекетіндегі судың нақты деңгейі 678 см болып тұр. Ал қауіпті белгі - 680, қатерлі белгі - 720 см. Жосалы елді мекеніне дейінгі арақашықтық - 200 метр.
«Сырдария-Қазалы бекетінде судың нақты деңгейі - 639 см. 13 қаңтар күні сағат 18-ден бастап судың деңгейі 4 см төмендеді. Бұл ретте, қауіпті белгі 640 см, қатерлі белгі 749 см құрайды. Жақын маңдағы Жосалы елді мекеніне дейінгі арақашықтық 1 шақырым»,- деді Барат Дұзақбаев.
15 қаңтар 2020 ж. 257 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области