Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда облысын су басу қаупі бар ма?

Қызылорда облысын су басу қаупі бар ма?

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов Қармақшы ауданы Жосалы кенті тұсындағы Сырдария өзенінің су деңгейін көріп, су тасқынының алдын алу жұмыстарымен танысты. Қазір Шардара су қоймасынан Сырдария өзені арқылы облыс аумағына түсіп жатқан су көлемі 500 м3/сек құрайды. Бұл көрсеткіш өткен жылы 600 м3/сек болған.Бүгінде Қызылорда су торабынан төменгі ағысқа қарай 420 м3/сек, Әйтек су торабынан - 305 м3/сек, Қараөзек арнасына - 110 м3/сек, Басықара су торабынан - 200 м3/сек, Ақлақ су торабынан - 130 м3/сек көлемде су босатылған. Сонымен қатар, Арал және Қазалы аудандарында өзен бетінде толықтай мұз қатса, Қармақшы ауданы аумағында Жосалы кенті тұсында 5% күр жүруде. Қызылорда қаласы мен қалған аудандарда өзен беті мұздан таза.
Облыс әкімі жауапты сала басшыларына дариядағы су деңгейін үнемі бақылауда ұстап, қауіпті аймақ саналатын учаскелерде кезекшілік болуын, сондай-ақ қажет болған жағдайда құрал-жабдықтар мен арнайы техникалармен қамтамасыз етілуін тапсырды.
5 желтоқсан күні Қармақшы ауданы Жосалы кентінен 7 шақырым төмен Үсентай учаскесінде күрдің кептелісінен өзен суының деңгейі жоғарылаған. Аумақтың қорғаныс бөгеті 1 метр биік. Сонымен қатар, Жосалы кентінің тұсында Жалағаш-Жосалы автожолына су жайылудың алдын алу үшін жол бойының деңгейі төмен 300 метрдей аумағын топырақпен нығайту жұмыстары жүргізілген. Бүгінде елді мекендерді су басу қауіпі жоқ. Қазіргі уақытта су шаруашылығы мамандары су деңгейін төмендету бойынша жұмыстар жүргізуде.

09 желтоқсан 2019 ж. 378 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области