Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ: СЫРДАРИЯ ӨЗЕНІНДЕГІ ЖАҒДАЙ ҚАЛЫПТЫ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ: СЫРДАРИЯ ӨЗЕНІНДЕГІ ЖАҒДАЙ ҚАЛЫПТЫ


       Қызылорда облысында су алу қаупі жоқ, - деп мәлімдеді облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы.
       Шұғыл ақпарат және мониторинг бөлімі хабарлағандай:
       Арал ауданы бойынша: Арал ауданы аумағындағы өзен арнасында мұз толықтай ұстасқан. Мұздың қалыңдығы 30 см құрайды. «Ақлақ» су торабынан төмен қарай 250 м3/сек су жіберілуде.
       Қазалы ауданы бойынша: Қазалы ауданы аумағында өзен арнасында мұз толығымен ұстасқан, мұздың қалыңдығы шамамен 68 см. Басықара су торабынан төмен қарай 385 м3/сек су өтуде.
       Қармақшы ауданы бойынша: Жосалы кентінен Сырдария бойымен 88 шақырым жоғарыда «Қарасиыр» учаскесінің тұсында мұз ұстасқан, мұздың қалыңдығы шамамен 35 см.
      Жалағаш ауданы бойынша: Аудан көлемінде 90% мұз ұстасқан, мұздың қалыңдығы шамамен 40 см.
      Сырдария ауданы бойынша: Сырдария ауданы аумағында өзен арнасында мұз толықтай ұстасқан. Мұздың қалыңдығы шамамен 50 см. «Әйтек» су торабынан төменгі ағысқа 255 м3/сек су өтуде.
      Шиелі ауданы бойынша:  Аудан бойынша мұз ұстасуда, қалыңдығы шамамен 10-15 см.
      Жаңақорған ауданы бойынша: Төменарық елді мекені мен Жаңақорған кентінің аралығында мұз ұстасуда, Жаңақорған кенті мен Көктөбе елді мекені аралығында 25-30% күр жүруде. Келіп түсіп жатқан судың көлемі 345 м3/сек құрайды.
      Қызылорда қаласы бойынша: «Айтек» су торабы мен Бірқазан елді мекені аралығында мұз ұстасқан, қалыңдығы 15-20 см. Қызылорда су торабынан төмен қарай 320 м3/сек су өтуде.
       Қазіргі таңда Сырдария өзеніндегі жағдай бірқалыпты және толық бақылауда.


09 ақпан 2018 ж. 1 067 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области