Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » СЫРДАРИЯ ӨЗЕНІН ДРОН АРҚЫЛЫ БАҚЫЛАДЫ

СЫРДАРИЯ ӨЗЕНІН ДРОН АРҚЫЛЫ БАҚЫЛАДЫ


    Қызылордалық құтқарушылар Сырдария өзеніне бақылау жүргізу үшін дронды іске қосты.
    Сырдария өзенінің арнасындағы мұздың жағдайын бақылау үшін қызылордалық құтқарушылары аспанға ұшқышсыз ұшу аппаратын іске қосты.
    Қызылорда облысы, Қармақшы ауданының әкімі С.Мақашовтың тапсырмасына сәйкес, Қармақшы аудан әкімі аппаратының терроризм профилактикасы жұмылдыру дайындығы, азаматтық және аумақтық қорғаныс жұмыстары бөлімінің басшысы Р.Ефенов, Жергілікті полиция қызметінің бастығы полиция подполковнигі Ғ.Нагиев, «Қармақшысушар» ӨУ басшысы Е.Бодыбаев, Жаңажол ауылдық округі әкімдігінің маманы Ә.Өтегенов, Қармақшы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі бастығының міндетін уақытша атқарушы, азаматтық қорғау капитаны Е.Назарқұловтың қатысуымен күнделікті мониторинг жүргізу үшін арнайы топ құрылды.
    Қазіргі заманғы технологиялар көмегімен аталған топ Кармақшы ауданындағы Сырдария өзенінің арналарына мониторинг жүргізді. Дрон барлау функциясын орындады. Жұмыс барысында топ Дүр Оңғар, Иірколь атты елді мекендерге жақын орналасқан Сырдария өзені арнасының жалпы жағдайын зерттеді. Қызылордалық құтқарушылар күн сайын өзен жағасындағы бөгеттерге мониторинг жүргізетінін атап өту керек. Сонымен қатар Қармақшы ауданы Төребай би елді мекенінде ұшқышсыз ұшу аппаратымен жұмыс жалғасуда.
    Қызылорда облысы ТЖД


06 ақпан 2018 ж. 611 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области