Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ДАРИЯ ДЕҢГЕЙІ ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУДА ТҰР

ДАРИЯ ДЕҢГЕЙІ ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУДА ТҰР


Сырдария өзенінен мол судың өтуіне байланысты, Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті және қалалық басқарма қызметкерлері Сырдария өзені жағалауына мониторинг жүргізді.
Оның барысында «Әйтек» су торабы маңайында мұздың ұстасқаны байқалды. Мұздың көлемі шамамен 10-15 см болады.
Талсуат ауылдық округіне қарасты Ягодка және Пищевик саяжаларына қауіп төніп тұрған жоқ, өзен дамбыларында шамамен 1,5-2 метр қордың бар екені белгіленді.
Облыстық тубдиспансер маңы бойынша өзен бойынан мұздың жартылай ұстасып, жартылай ашық күйде екені анықталды. Өзен дамбыларында судың деңгейімен 1,5-2 метр қор бар.
 Мерей-Ақмешіт мөлтек ауданы №1 МӨСБ маңында мұз толық ұстасып тұр.
Жаңа көпірдің сол жағалауында жоғары жағынан, көпірден 300 метр қашықтықта Сырдария өзенінен судың жағаға жайылуына байланысты, қала әкімшілігінің тапсырмасына сәйкес сол жердегі құрылыс мекемелерінің техникаларымен дамбыларға нығайту жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, департаменттің «112» байланыс жүйесіне «Сыр-ана» монументінің артындағы дамбы астынан су кеткені жайлы хабарлама түсті. Осыған байланысты облыстық және қалалық комиссия аумақты аралап, «Мелиоратор» мекемесінің 2 техникасы нығайту жұмысын жүргізді.
Сондай-ақ, Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы  2017 жылдың 21-22 желтоқсаны аралығында Талсуат ауылдық округінің Строитель, Дружба және Қызылорда қаласына қарасты Пищевик, Ягодка саяжайларында және «КОПЭС», «ПМК-29» саяжайларында су алу қауіпі туралы құлақтандыру, тұрғын үйлерді аралау жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында 6 саяжайдың 106 тұрғын үйлері араланып 120 тұрғынға ескертпе таратылды, саяжайдан көшу жөнінде және су тасқыны кезінде атқаруы қажет іс-қимыл әрекеттері туралы түсіндірме берді.
Қазіргі таңда Сырдария өзеніндегі жағдай бір қалыпты, басқарма және жергілікті әкімшілік тарапынан қатаң бақылауға алынып, кезекшілік ұйымдастырылуда.
Сонымен қатар, 23 желтоқсанда сағат 15.00 шамасында департаменттің «112» байланыс жүйесіне Қызылорда қаласының Белкөл кентіне қарасты Көкжиде аумағында 2 шаруа қожалығының жылқылары су астында қалды деген хабарлама түсті.
Осы хабарлама бойынша Белкөл кентінің әкімі оқиға орнына барып, шаруа қожалығы иелерімен кездесіп, оларды фазенда аумағынан шығару жұмыстары жүргізілді.
Мониторинг жұмыстары жалғасуда.   
Қызылорда қаласы Төтенше
жағдайлар басқармасы

27 желтоқсан 2017 ж. 685 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области