Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ: СУ БАСУ ҚАУПІ ЖОҚ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ: СУ БАСУ ҚАУПІ ЖОҚ


    «Облыс аумағында су тасқыны қаупі жоқ, қарсы күрес жағдай қатаң бақылануда», - деп хабарлады өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында аймақтық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы Серік Сермағамбетов.
    Басқарма басшысының айтуы бойынша, 2018 жылдың 7 ақпанына Қызылорда облысының аумағына 345 м3/сек су келіп, Қызылорда су торабынан төмен қарай 320 м3/сек су босатылуда.
    Солтүстік аудандарда Сырдария өзені бетінде толықтай мұз қатса, оңтүстік аудандарда мұз қату процесі күшеюде. Мұздың қалыңдығы 20-60 см құрайды.
     «Осы жылдың 29 қаңтарында Сырдария ауданы, Қалжан ахун ауылының оңтүстік-батыс аумағында орналасқан «Әсет» учаскесінің тұсындағы қорғаныс бөгетінің ролін атқарып тұрған «Аласиыр» каналы бөгетінің бұзылуы нәтижесінде ауыл шаруашылығы жерлеріне су жайылды.
    Су жайылуға мұз астынан қалыңдығы 2-2,5 метр болатын шұғаның жүруінен кептелістер қалыптасып, су деңгейінің жоғарылауы себеп болуда.
    Қазіргі таңда қорғаныс бөгеттерін нығайту шаралары жүргізілуде. Бұл жұмыстарға 2 мердігер мекемеден 16 бірлік техника мен 60 адам жұмылдырылуда.     Аталған жағдайға байланысты Сырдария ауданы әкімдігі мен табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды», - деп мәлімдеді басқарма басшысы С.Сермағамбетов.
    Қызылорда қаласы мен облыстың елді мекендерінде су басу қаупі жоқ. Жалпы, облыс бойынша жағдай қатаң бақылауда.


07 ақпан 2018 ж. 869 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области