Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНДА СЫРДАРИЯ ӨЗЕНІ АРНАСЫНАН АСТЫ

ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНДА СЫРДАРИЯ ӨЗЕНІ АРНАСЫНАН АСТЫ


Ағымдағы жылдың 21 наурызында Сырдарияның Қармақшы ауданы аумағынан мұз жүру кезінде сең кептелісі болып, өзен арнасындағы су деңгейі көтерілді. Нəтижесінде Далдабай елді мекені тұсындағы «Жосалы-Жалағаш» тас жолы бойындағы көпір аумағының үстін су басты.
Судың тасуынан шығын келмеді, жолдың немесе көпірдің бұзылуы орын алған жоқ.
Облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы Серік Сермағамбетов су деңгейінің төмен түскенін, өзен арнасында мұз жүріп жатқанын хабарлады.
«Облыс аумағынан мұз жүру процесі өткен айдың 26-да басталған болатын. Бүгінгі таңға дейін 780 шақырым жүріп, ешқандай төтенше жағдай болған жоқ. Бүгінгі жағдайға байланысты Далдабай елді мекенінің тұсында, 780 шақырымында мұз кептелісінің салдарынан өзен арнасынан шығып, Жалағаш- Қармақшы тас жолының үстіне шықты. Қазіргі таңда ол жер уақытша жабылып тұр. Су 30 см төмен түсті. Мұз жүру процесі жалғасуда. Қазір Қармақшы ауданының Дүр Оңғар елді мекенінің тұсынан өтіп кетті. Ертеңге дейін жол ашылады»,-деді Серік Сермағамбетов.
21 наурыздағы жағдай бойынша облыс аумағына секундына 160 текше метр су келуде. Қызылорда су торабынан секундына 170 текше метр су өтуде.
Қазіргі кезде Жаңақорған, Шиелі, Сырдария, Жалағаш аудандары мен Қызылорда қаласы аумағындағы өзен арнасы мұздан толық тазарды.
---
22 наурыз 2018 ж. 1 401 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области