Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ДАРИЯ БОЙЫ ТОЛЫҚ БАҚЫЛАУДА

ДАРИЯ БОЙЫ ТОЛЫҚ БАҚЫЛАУДА


    Көктемнің шуақты күні жеткенмен өзен жағалаған елдің суға қарап елеңдейтіні анық. Жылы жаңбыр қар мен мұзды ерітіп, тасқынға ұласуы ықтимал. Әйтсе де, өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында «аймақта су басу қаупі жоқ» деді облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы Серік Сермағанбетов.
    Соңғы деректер бойынша, қазір облыс аумағына секундына 220 текше метр су түсуде. Қызылорда су торабынан төменге 255 текше метр су босатылуда. Аймақтың солтүстік аудандарында Сырдария өзеніндегі мұздың қалыңдығы 20-60 см құраса, оңтүстік аудандарда мұз еру процесстері жүруде.
    − Жылдың басында күннің күрт жылынуына байланысты мұз жылжып, су арнасынан асып, қала төңірегі және Сырдария ауданында күрделі жағдай туындады. Алайда әлеуметтік маңызы бар нысандарға, халыққа зияны тиген жоқ. Су бөгеттерін қайта қалпына келтірдік. Сондай-ақ Қалжан ахун елдімекені тұсында он қорғаныс бөгеті бұзылып, төтенше жағдай жарияланды. Бүгінде аумақ толықтай қалпына келтіріліп, төтенше жағдай тоқтатылды. Арал ауданындағы Қамбаштан бастап көлдердің барлығына су жетіп, Аманөткел тұсында су деңгейі қайтадан түсіп кеткен еді. Қазір қауіп сейілді. Қармақшы ауданындағы Дүроңғар ауылының тұсында да су деңгейінің жоғарылауына байланысты тиісті шаралар атқарылды. Жалпы, су тасқыны жағдайының алдын алу мақсатында Сырдария өзенінің қорғаныс бөгетінің 95 қауіпті учаскесін қалпына келтіру белгіленген болатын. Аталған учаскелерде жұмыстар толықтай аяқталды, − деді Серік Сағитжанұлы.
    Оның ішінде «2017-2020 жылдарға арналған «Тасқын су қатерінің алдын алу және оны жою жөніндегі шаралар кешені» жол картасын іске асыру аясында жоспарланған 73 шараның барлығы орындалған. Бүгінде өзен бойындағы 56 қауіпті аймаққа арнайы техникалары бар 172 жауапты мекеме бекітілген. Су тасқынына қарсы жұмыстарға пайдаланылатын материалдық-техникалық қордан бөлек, екі тікұшақ алдырылып, мұз жару жұмыстарын жүргізуге арнайы мамандандырылған мекемемен келісім жасалған.  Сондай-ақ, тасқын су кезінде 156 мың адамды көшіруге арналған 83 эвакуациялық жинақтау және 104 қабылдау пункттері дайындалған.
    Байқағанымыздай, облыс бойынша жағдай бақылауда.
     «Сыр бойы».

02 наурыз 2018 ж. 821 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области