Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 21 қаңтар: Атаулы күндер мен оқиғалар

21 қаңтар: Атаулы күндер мен оқиғалар

Қазақстанда инженерлік әскер күні
Тәуелсіз Қазақстанда инженерлік әскер Қарулы Күштер құрылғаннан бері бар. Инженерлік әскер жасақтарының сарбаздары еліміз аумағында да, шетелде де түрлі оқу-жаттығу жиындарына қатысып келеді.

1932 жылы
«Казахстанская правда» газетінің алғашқы нөмірі жарық көрді. «Казахстанская правда» газетінің бұрынғы атауы «Известия Киргизского края» болған, оның алғашқы нөмірі 1920 жылы 1 қаңтарда шыққан. Ол бейсенбі сайын шығатын апталық газет болды.

1932 жылғы
20 қаңтарда Қазрайком III Пленумының қаулысымен «Советская степь» «Казахстанская правда» болып өзгертілді. 1932 жылғы 21 қаңтардан бастап алғашқы нөмірі шыға бастады.

1995 жылы Қазақстанда «Іскер әйелдер қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігі құрылды. Бірлестік іскер әйелдердің қай салада қызмет етсе де, іскер әйелдердің жоғары мәртебесі мен имиджін қалыптастыру, іскер әйелдерді шоғырландыру, сондай-ақ әйелдер мен отбасы құқықтары мен мүддесін қорғау мақсатында құрылды.

1997 жылы
Алматыдағы Магнитогорск көшесіне актер, КСРО-ның халық әртісі Ыдырыс Ноғайбаевтың есімі берілді.

2016 жылы Түркі халықтарының бүкіләлемдік конгресі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіне «Түркі елдерінің үздік жоғары оқу орны» атағын берді.

2009 жылы
елорданың 10 жылдық мерейтойына арналған «Астана» энциклопедиясының таныстырылымы болып өтті. Энциклопедия арқылы қаланың тарихы, экономикасы, мәдениеті, бiлiм мен ғылымы, көрікті жерлері, тарихи және мәдени мұрасы, қала құрылысы, сонымен бiрге сирек кездесетiн ғимараттар, сәулеттiк ансамбльдері туралы, белгiлi қайраткерлердің өмiрдеректерімен танысып білуге болады. Кітап 20000 данамен қазақ және орыс тілінде шығарылды.
21 қаңтар 2020 ж. 206 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области