Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 20 қараша: Атаулы күндер мен оқиғалар

20 қараша: Атаулы күндер мен оқиғалар

Дүниежүзілік балалар күні

1954 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы «Дүниежүзілік балалар күнін» барлық елдерде мерекелеуді ұсынды. 1959 жылы осы күні Балалар құқығы декларациясы, ал 1989 жылы Балалар құқығы конвенциясы қабылданды.

1923 жылы «Советская степь» газеті жарыққа шықты. Газет күн сайын шығып тұратын. Бас редакторы Л.Хейфец болды. 1932 жылы атауы «Казахстанская правда» болып өзгертілді.

1998 жылы Байқоңыр ғарыш айлағынан халықаралық ғарыш стансасының алғашқы модулі ұшырылды.

2013 жылы Лондонда Қазақстан елшілігінің жаңа ғимараты ашылды.

2014 жылы Қазақстан Республикасы Сан-Томе және Принсипи Демократиялық Республикасымен дипломатиялық қатынастар орнатты. Бірлескен коммюникеге Қазақстан мен Сан-Томе және Принсипидің БҰҰ жанындағы тұрақты өкілдері - Қайрат Әбдірахманов және Карлос Филомено Агостиньо дас Ниевес қол қойды.

Сан-Томе және Принсипи - Батыс Африкада орналасқан арал мемлекет. Халқы 200 мыңнан астам. Жоғарғы заң шығарушы органы - бір палаталы Ұлттық жиналыс. Басқару формасы - президенттік республика.
20 қараша 2019 ж. 379 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области