Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 5 мамыр: Атаулы күндер мен оқиғалар

5 мамыр: Атаулы күндер мен оқиғалар

Kyzylorda-News.kz ақпараттық агенттігі оқырмандар назарына 5 мамыр күні ел тарихында орын алған атаулы күндер мен оқиғалардың күнтізбесін ұсынады.

Халықаралық мүгедектер құқын қорғау күні
1992 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы Халықаралық мүгедектер күнін жариялады. Халықаралық мүгедектер күнін атап өту - олардың мәселелеріне көңіл бөлуге, құқығы мен аман-саулығын қорғауға назар аударуға бағытталған.

1925 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің жанындағы әйелдер бөлімі шығарған «Азат әйел» газеті негізінде «Теңдік» газетінің алғашқы саны шықты. 1955 жылдан бастап, «Қазақстан әйелдері» деген атпен журнал болып шыға бастады.

1991 жылы «Табиғат» экология одағы құрылды. Төрағасы - Мэлс Елеусізов. Осы экологиялық одақ 2002 жылы Global-500 сыйлығына ие болған.

1993 жылы Вашингтондағы Дүниежүзілік банктің штаб-пәтерінде Арал теңізіне арналған халықаралық семинар өтті. Онда Арал теңізінің қайта түлеуін қамтамасыз ететін деңгейде тұрақтандыру жөнінде төрт тармақтан тұратын бағдарлама қабылданды.

2010 жылы
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне сонау 1945 жылы Рейхстагқа тігілген Жеңіс туының көшірмесін әкелінді. Ол Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайында сақтаулы.

2011 жылы Қызылордада «Ұлы Жібек жолы» журналы шықты. Бірінші нөміріне облыстың ежелгі қалаларының бірі - Сауран, алғашқы қазақ ғалымы Шоқан Уәлиханов пен облыс басшыларының бірі, белгілі қайраткер Мұстахым Ықсанов туралы материал жарияланды.

2015 жылы Қазақстанда жаңа «Qazaq Air» авиакомпаниясы құрылды.

2017 жылы VATAN күнделікті газеті Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын түрік тіліне аударып, жариялады. VATAN - Bağımsız Gazeteciler Yayıncılık A.Ş қамқорлығымен шығатын күнделікті түрік газеті. 2002 жылы 2 қыркүйекте негізі қаланған. Оның таралымы 100 мың дана.
05 мамыр 2019 ж. 596 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области