Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 1 мамыр:Атаулы күндер мен оқиғалар

1 мамыр:Атаулы күндер мен оқиғалар

Kyzylorda-News.kz ақпараттық агенттігі оқырмандар назарына 1 мамыр күні ел тарихында орын алған атаулы күндер мен оқиғалардың күнтізбесін ұсынады.
Қазақстан халқының бірлігі күні.
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығына сәйкес 1996 жылдан бастап атап өтіледі. 100-ден астам ұлт өкілдері тұратын Қазақстан үшін бұл мереке дәстүрлі мейрамдардың біріне айналды.

1813 жылы Омбы кадет корпусы құрылды. Онда танымал ғалымдар мен қоғам қайраткерлері білім алған. Олардың қатарында қазақтың ұлы ғалымы, ағартушы, шығыстанушы, тарихшы, этнолог, географ, фольклортанушы Шоқан Уәлиханов, сондай-ақ Сібір мен Орталық Азияны зерттеуші және саяхатшы Н.Потанин бар.

1926 жылы республиканың Халық комиссарлары кеңесінің «Қазақ КСР-індегі бірыңғай еңбек мектептері жарғысы» қабылданып, онда қазақ қыздары мен шығыс ұлттары қыздарының білім алуына ерекше көңіл бөлінді. Қыздар үшін арнайы мектептер Алматы, Шымкент, Түркістан, Орда қалаларында ашылды.

1930 жылы Орта Азия мен Сібір аралығын жалғастырған Түркістан-Сібір теміржолының ашылу салтанаты өтті. Бұл теміржол Семей қаласынан Алматы арқылы Жамбыл облысының Луговой бекетіне дейінгі аралықты жалғады. Ұзындығы 1452 шақырым. Теміржол құрылысы 1927 жылы басталып, 1931 жылы толығымен аяқталған. Құрылыс инженері Мұхамеджан Тынышбаев болды. Ең бірінші болып Э-1441 паровозы құрылыс заттарымен жүріп өтті.

1992 жылы Алматыда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев және Түркияның Премьер-Министрі Сүлеймен Демирель Бірлескен мазмұндамаға қол қойды. Ал Үкiмет басшылары Өзара жәрдемдесу және инвестицияларды қорғау туралы келiсiмге қол қойды. Екі жақтағы министрліктер мен мекемелердің жетекшілері автомобиль көлiгi, авиация қатынасы, мәдениет, радио және теледидар, кадр даярлау, орташа және шағын кәсiпорындар, банктiк және несие салаларын дамыту туралы, Қазақстанның батыс өңіріндегі мұнайды өңдеудегi түрiк фирмаларының жәрдемдесуi туралы, Ақтөбедегі газ электр станциялары ғимараттары туралы, Маңғыстаудағы мұнай өңдейтiн зауыттың құрылысы және қалпына келтiру жұмыстары туралы, Ақтау портын қалпына келтiру, Каспий теңізі арқылы Қара және Балтық теңіздеріне Қазақстанның жүктерін тасымалдау төңірегіндегі ынтымақтастық туралы келісімдерге және хаттамаларға қол қойылды.

2000 жылы Алматыда Қазақстан халықтары достығының I фестивалі өтті. 2004 жылғы қазанның біріндегі ҚР Статистика агенттігінің мәліметі бойынша: қазақтар - 57,7%, орыстар - 26,8%, украиндар - 3,1%, өзбектер - 2,8%, немістер - 1,5%, татарлар - 1,5%, ұйғырлар - 1,5%, кәрістер - 0,7%, белорустар - 0,6%- ды құраған.
01 мамыр 2019 ж. 607 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области