Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 28 сәуір: Атаулы күндер мен оқиғалар

28 сәуір: Атаулы күндер мен оқиғалар

Kyzylorda-News.kz ақпараттық агенттігі оқырмандар назарына 28 сәуір күні ел тарихында орын алған атаулы күндер мен оқиғалардың күнтізбесін ұсынады.

Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні
Әлемнің 100-ден астам елінде атап өтіледі. Аталмыш күнді атап өту идеясы 1989 жылы америкалық және канадалық қаза тапқан жұмысшыларды еске алу мақсатында арнайы шара өткізген (the Workers Memorial Day). 2001 жылдан бастап бұл күн жыл сайын атап өтіледі.

1955 жылы шөл далада Байқоңыр ғарыш айлағының құрылысы басталды. Ғарыш айлағының құрылысы рекордтық мерзімде аяқталды. 1957 жылы мамырда полигоннан Сергей Королев конструкциясының Р-7 құрлықаралық баллистикалық зымыраны алғаш рет ұшырылды. Байқоңырдан тарихта алғаш рет Жердің жасанды серігі (1957 жылы) және бортында адам бар алғашқы ғарыш кемесі (1961 жылы) ұшырылды. 1994 жылы Байқоңырды РФ 20 жылға жалға алды. 2004 жылы Ресейге ғарыш айлағын 2050 жылға дейін жалға беру келісіміне қол қойылды.

2005 жылы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Кәсіпкерлер кеңесі құрылды.

2009 жылы Қызылорда облысының Шиелі ауданында өндірістік қуаттылығы жылына 750 тонна уранды жер астынан шайып шығаратын жаңа «Иіркөл» кенінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл - атом энергетикасы саласындағы Қазақстан мен Қытай ынтымақтастығының аясындағы өндіріске енгізілген бірінші кен.

2010 жылы Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 65 жылдық мерейтойына орай номиналы 50 теңгелік тиынды айналымға шығарды. Тиынның бет жағының жоғарғы бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Елтаңба бейнесінің оң жағында «ҚҰБ» деген аббревиатура орналасқан. Төменгі бөлігінде тиынның номиналын білдіретін «50 ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Номиналдың сол және оң жағында ұлттық ою-өрнек элементі бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу және шығыңқы жиек жүргізілген. Монетаның сырт жағының орталық бөлігінде Жеңіс символдарынан композиция орналасқан. Композицияның оң және сол жағында Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің және тиынның жылын білдіретін «1945» және «2010» деген сандар бедерленген. Жоғары бөлігінде айналдыра мемлекеттік тілде «ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ 65 ЖЫЛ», төменгі бөлігінде орыс тілінде «65 ЛЕТ ВЕЛИКОЙ ПОБЕДЕ» деген жазу бар. Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген. Таралымы - 50 мың дана.

2012 жылы Алматыда «Алмалы» алғашқы жер асты сауда орталығы ашылды.

2014 жылы Алматы облысында Қазақстан аумағындағы «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізінің соңғы учаскелерінің бірі - ұзындығы 304,4 шақырым «Алматы-Қорғас» автомобиль жолын салу басталды.

2001 жылы ресейлік «Союз ТМ-32» ғарыш кемесімен ғарышкерлер Талғат Мұсабаев, Юрий Батурин және алғашқы ғарыш турисі - америкалық миллионер Деннис Тито ғарышқа ұшты.
28 сәуір 2019 ж. 668 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области