Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Берік Жорабеков: Ақбөкенді заңсыз тасымалдау бойынша қылмыстық іс қозғалды

Берік Жорабеков: Ақбөкенді заңсыз тасымалдау бойынша қылмыстық іс қозғалды

Kyzylorda-news.kz. Қызылордада ақбөкен атып, тәртіп сақшыларынан бой тасалауға әрекеттенген «Охотзоопром» ӨБ РМҚК 2 қызметкері мен көлік жүргізушісі қолға түсті. Осыған орай «Охотозоопром» Қызылорда өңірлік филиалының басшысы Берік Жорабеков түсініктеме берді.
«2020 жылдың 16 қаңтар күні «Охотохоопром» аймақтық филиалы инспекторлары мен Қызылорда облыстық жануарлар дүниесін қорғау инспекция қызметкерлері және Қармақшы аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлерімен «Броконьер» іс-шарасын жүргізу барысында Қармақшы ауданы Тышқантам деп аталатын далалық жерде облыстық филиалдың жедел топ автокөлігі тоқтатылды. Тексеру жүргізу барысында жүк салғыштан бір бас ақбөкеннің еті табылды. Қазіргі таңда ол ақбөкеннің денесі автокөліктің жүк салғышында қандай жағдайда пайда болғаны анықталуда. ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы, яғни заңсыз тасымалдау бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі күні тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл оқиғаның қалай орын алғандығы жөнінде ішкі істер органдары қызметкерлері анықтайтын болады. Әрі қарай іс-әрекеттеріне процессуалдық баға беру үшін сол жерде бірлескен іс-шаралар нәтижесінде мән-жайлар Қармақшы аудандық ішкі істер бөліміне өткізіліп, тергеу әркеттерімен процессуалдық баға беру үшін жіберілген болатын. Алдағы уақытта «Охотозоопром» инспекторларының броконьерлік іс-әрекетке қатысы бар-жоғын тергеу органдары анықтайтын болады», – дейді «Охотозоопром» Қызылорда өңірлік филиалының басшысы Берік Жорабеков.
Еске сала кетейік, бұған дейін инспекторлардың автокөлігінің жүк салғышынан ақбөкеннің еті табылғандығы жөнінде жазған болатынбыз.  

Динара МАХАНОВА
20 қаңтар 2020 ж. 266 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области