Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қарапайым халық үшін қуанышты жаңалық: Несиесін уақытында төлемегендер үшін жаңа талап күшіне енді

Қарапайым халық үшін қуанышты жаңалық: Несиесін уақытында төлемегендер үшін жаңа талап күшіне енді

Kyzylorda-news.kz. Енді банктер мен микроқаржы ұйымдары азаматтардың кредит бойынша қарызы 90 күннен асып кетсе, комиссия есептемейді. Жаңашылдық 2020 жылдың басынан күшіне енді.
Өзгерістер «Банк және банк қызметі туралы» және «Микроқаржы ұйымдары туралы» заңдарға енгізілген.
«Екінші деңгейлі банктер мен микроқаржы ұйымдарына кепілсіз тұтынушылық қарыз бойынша берешек 90 күннен асып кетсе, айыппұл, өсімпұл, сондай-ақ, комиссия мен басқа да төлемдер есептеуге тыйым салынады», - деді Ұлттық экономика вице-министрі Ермек Алпысов.
Оның айтуынша, бұрын кредитті уақытында төлемеген кезде өсімпұл әр күн сайын 0,5 процентке өсетін. Енді биылдан бастап кредит бойынша берешегі 90 күннен асып кеткендерге ешқандай комиссия есептелмейді.
«Бұл несие алатын азаматтар үшін әжептәуір жеңілдік деп ойлаймын», - деді вице-министр.
Айта кетсек, жаңа жылдан бастап кірісі күнкөріс деңгейінен төмен қазақстандықтарға кепілсіз несие берілмейді.
2020 жылы ең төменгі күнкөріс деңгейі 31 183 теңге мөлшерінде бекітілді. Яғни, табысы осы сомадан аспайтындарға кредит беруге тыйым салынды.
Бұған қоса, жұмыссыздар да кредит ала алмайды. Өйткені банктен қарыз алу үшін соңғы 3-12 айдағы ресми табысты көрсету қажет.
21 қаңтар 2020 ж. 205 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области