Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » » Тоқаевтың жарлығы: енді кімдерге несие берілмейтіні белгілі болды

Тоқаевтың жарлығы: енді кімдерге несие берілмейтіні белгілі болды

Kyzylorda-news.kz. Табысы 29 698 теңгеден төмен азаматтарға қарыздар беруге тыйым салынады, деп хабарлайды KTK.KZ.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан үкіметі мен ұлттық банкіне табысы күнкөріс деңгейінен төмен азаматтарға қарыздар беруге тыйым салуды тапсырды.
"Банктерде және микроқаржы ұйымдарында кепілсіз тұтынушылық қарыздары бар Қазақстан Республикасы азаматтарының 2019 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша есептелген айыппұлдары мен өсімпұлдары есептен шығару жөнінде шаралар қабылдансын", - деп жазылған жарлықта.
Сондай-ақ президент ұлттық банкке өзіне шектен тыс тәуекелдерді алған қаржы ұйымдарының жауапкершілігін күшейту бойынша мынадай шаралар қабылдауды тапсырды.
Мерзімі өткен берешегі 90 күннен асып кеткен жеке тұлғалардың барлық кепілсіз тұтынушылық қарыздары бойынша кредитті берумен және оған қызмет көрсетумен байланысты тұрақсыздық айыбын, комиссиялар мен өзге де төлемдерді есептеуге тыйым салынсын;
Табысы күнкөріс деңгейінен төмен азаматтарға қарыздар беруге тыйым салынсын;
Кепілсіз тұтынушылық қарыздарды беру кезіндегі реттеудің қосымша шараларын көздейтін реттеушілік сипаттағы қатаң шаралар қабылдансын.
Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігіне жүктелді.

27 маусым 2019 ж. 670 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области