Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » БАНКТЕР НЕСИЕ БЕРІП, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТКЕНІ ҮШІН КОМИССИЯ АЛМАЙТЫН БОЛАДЫ

БАНКТЕР НЕСИЕ БЕРІП, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТКЕНІ ҮШІН КОМИССИЯ АЛМАЙТЫН БОЛАДЫ


    Еліміздегі банктерге несие беру және қызмет көрсетумен байланысты шот бойынша комиссияларды алуға тыйым салу ұсынылды. Бұл туралы ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев меншік құқығын қорғауды күшейту және төрелік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын таныстыру барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Вaq.kz тілшісі.
    Министр аталған заң жобасы Елбасының меншік құқығын қорғау туралы тапсырмасын орындау мақсатында әзірленгенін атап өтті.
    «Банктік қарыз шарттары бойынша түзетулер енгізіледі. Несие беру және қызмет көрсетумен байланысты шот бойынша комиссияларды алуға тыйым салу ұсынылды. Осы мақсатта банктерге кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес банктік қарыз беру шарттары бойынша, сондай-ақ банктік шотқа қарыз есептеуге, банктік шотты жүргізгені үшін комиссия беруге және алуға шектеу қойылған. Себебі аталған операциялар – кредиттеу процесінің құрамдас бөлігі. Сондықтан олар бойынша жеке тұлғалардан комиссия алынбауы тиіс», - деді ол.
    «Жеке тұлға болатын қарыз алушы берешегінің жасанды ұлғаюын болдырмау үшін олардың жылжымайтын мүлік ипотекалық шарттары бойынша алты айлық мерзімі өткізіліп алынғаннан кейін банктік пайыздарды есептелуін тоқтата тұру қарастырылады», - деді М.Бекетаев Мәжілістің пленарлық отырысында.
    Аталған заң жобасы Мәжіліс депутаттарының талқылауынан соң бірінші оқылымда мақұлданды.

01 наурыз 2018 ж. 976 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области