Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақстанда АИ-92 маркалы жанармайдың бағасы өсті

Қазақстанда АИ-92 маркалы жанармайдың бағасы өсті

Kyzylorda-news.kz. Қазақстанда бензин бағасы қымбаттады. Жанармай құю бекеттері бағам жазылған көрсеткіш тақталарды жаппай өзгертуде, деп хабарлайды Stan.kz.
Жүргізушілердің арасында сұранысқа ие АИ-92 макалы жанармай орташа есеппен 4 теңгеге қымбаттаған. Қазақстандықтар көлік отынының бағасы тағы өсетіндігі жайлы 2019 жылдың желтоқсан айында естіген болатын. Өткен айда Энергетика министрлігі 2020 жылдан бастап акциз құнының 10 теңгеге көтерілетінін мәлімдеген. Дегенмен бұл өзгеріс бензин бағасына бірден әсер етпейді деп сендірген еді. Соған қарамастан бірнеше күннен бері АИ-92 маркалы отынның құны кей өңірлерде тұрақсыздық танытып тұр.
Өз сөзінде ҚР-дың Қаржы министрі, премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смаилов көршілес жатқан Ресей мен Қырғызстанда жанармайдың бағасы әлдеқайда қымбат екендігін алға тартты.
«Қазақстандағы АИ-92 жанармайының бағасы 163 теңге, ал Ресейде ол 260 теңге тұрады. Бізде өндірілетін мұнай өнімі жаппай сыртқа тасымалдана басталған еді. Сол себепті тиісті шаралар қолдануға тура келді», - деді Қаржы министрі.
Елордадағы АИ-92 маркалы бензин бағасы 152 мен 158-дің арасында құбылып тұр. Ал Ақтөбеде бірнеше күннің ішінде жанармай бірден 4 теңгеге өсіп кеткен.
«Бүгінгі күні жанармай бағасының өсуі қаладағы барлық бекеттерде байқалады. Шамамен 3-4 теңгеге көтеріліп жатыр. Жағдай тұрақты, осы айдың ішінде Ақтөбедегі барлық жанармай бекеттері осы бағамға көшетін болады», - деді Ақтөбе қаласының кәсіпкерлік басқармасының бас маманы міндетін орындаушы Қуаныш Ақдаулетов.
Талдықорғанда болса бензиннің бағасы бірден 5 теңгеге көтеріліпті. Бір апта бұрын 144 теңгені құраған кейбір бекеттер ағымдағы апта бастала салысымен жанармай бағасын 150 теңгеге дейін өсіріп жіберген. Жергілікті тұрғындан бензиннің қымбаттауы азық-түліктің бағасына әсер етпей қоймайды дейді.
Тұрғындардың бұл ойымен сарапшылар да келісті. Олар бензиннің артынан нан да қымбаттайды деген сенімде. Жанармайдың қымбаттауы оның тапшылығынан деген сөз емес дейді сарапшылар. Олардың айтуларынша, алдағы уақытта бұл жайт инфляцияға соқтырады.
21 қаңтар 2020 ж. 264 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области