ҚАЗАҚСТАНДА БЕНЗИН АРЗАНДАУЫ МҮМКІН
ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев алдағы күндері бензин бағасы төмендеуі мүмкін екендігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бензин тапшылығы жоқ. Менің ойымша, бензин бағасы түсуі мүмкін. Өйткені, қазіргі уақытта Қазақстанда бензин көлемі артығымен бар», - деді Қанат Бозымбаев.
Айта кетейік, Орталық коммуникациялар қызметіндегі «Халық барысы» республикалық турнирінің басталуына арналған баспасөз мәслихатынан кейін БАҚ өкілдері министрге Қазақстан фермерлер одағының «жанар-жағармай тапшылығы болып, баға көтерілуі мүмкін» деген алаңдаушылығын жеткізген болатын.
Естеріңізге сала кетсек, кеше Шымкент мұнай өңдеу зауыты күрделі жөндеу жұмыстарына тоқтатылған еді. Зауыт мамыр айында толық қуатында жұмыс істей бастайды.