Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ШЫМКЕНТТІҢ МҰНАЙ ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫ ЖҰМЫСЫН УАҚЫТША ТОҚТАТТЫ

ШЫМКЕНТТІҢ МҰНАЙ ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫ ЖҰМЫСЫН УАҚЫТША ТОҚТАТТЫ

Шымкенттің мұнай өңдеу зауыты күрделі жөндеу жұмыстарының басталуына байланысты бүгіннен бастап уақытша тоқтады. Бұл туралы «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
  Баспасөз қызметінің мәліметінше, Шымкент мұнай өңдеу зауытының технологиялық қондырғыларына жоспарлы-алдын алу жөндеу жұмыстарын жүргізу кестесі Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігімен келісілген. Күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын орындауға, жабдықтардың сенімді жұмыс істеуін және де кәсіпорынның сапалы әрі үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған.
  Зауытты жаңғырту жұмыстары барысында RFCC каталитикалық крекинг кешенінің жаңа нысандары мен шымкенттік МӨЗ-дің қолданыстағы нысандарын интеграциялау бойынша іс-шараларды атқару жоспарланған.
  Еске салайық, мұнай өңдеу зауытын жаңғырту жобасының бірінші кезеңі 2017 жылы аяқталды, 2-кезеңді 2018 жылдың үшінші тоқсанында аяқтау жоспарланып отыр.


10 сәуір 2018 ж. 509 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области