АУДАН ӘКІМІ АРАЙЛЫМДЫ ҚАБЫЛДАДЫ
Бүгін Жалағаш ауданының әкімі Қ.Сәрсенбаев Татарстан астанасы Қазан қаласында белбеу күресінен өткен ХІІІ әлем чемпионатында 66 келі салмақ дәрежесінде қола медаль иеленген Арайлым Қанзаданы қабылдады. Ұлттық құрама сапынан 10 спортшы іріктеліп, ел намысын қорғаған дүбірлі додаға әлемнің 50 елінен балуан қатысқан. Кездесуде аудан әкімі Арайлымның қандай да бастамаларына қолдау білдіретіндігін айта келе, Атырауда өтетін Қазақстан чемипонатына қатысқалы отырған спортшыға сәттілік тіледі.
Кездесу соңында Қ.Әубәкірұлы жас спортшыға Алғыс хат пен сый-сыяпат табыстады.
Айта кетейік, Арайлым екі дүркін дзюдодан Қазақстан чемпионы, белбеу күресінен Қазақстан чемпионы, Павлодар, Ақтөбе облыстарында өткен жасөспірімдер арасындағы халықаралық турнирлердің 4 дүркін чемпионы, Индияда өткен Азия чемпионатына қатысқан.
Былтыр Оңтүстік Қазақстан облысында өткен белбеу күресінен жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында І орын тұғырынан көрінген.