Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақстандық студенттердің стипендиясы 25% артты

Қазақстандық студенттердің стипендиясы 25% артты

Kyzylorda-news.kz. Қазақстанның жоғары оқу орындарында 25% арттырылған стипендия беріле бастады, деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.
«ҚР Президенті Қ.Тоқаев Жастар жылының жабылу салтанатында 2020 жылдың қаңтарынан бастап жоғары оқу орындары мен колледж студенттерінің стипендиясы 25% көтерілетінін мәлімдеді. ҚР Білім және ғылым министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау бойынша шаралар қабылдады. Бүгінде еліміздің 30-дан астам жоғары оқу орны студенттердің стипендиясын 25% жоғарылатты. Жергілікті атқарушы органдар тарапынан колледж студенттеріне стипендия төлене бастады. Осылайша, 179 мың ЖОО студенті мен 136 мың колледж студенті стипендиясының көлемі артады», - деді ҚР БҒМ-нің баспасөз қызметінен.
Айта кетейік, бакалавриат студенттерінің стипендиясы 20 949 теңгеден 26 186 теңгеге дейін, интернатура –37 945 теңгеден 47 431 теңгеге дейін, магистратура – 53530 теңгеден 66 913 теңгеге дейін, докторантура – 81 998 теңгеден 102 498 теңгеге дейін өсті. Колледж студенттерінің стипендиясы 16 759 теңгеден 20 948 теңгеге артты.
22 қаңтар 2020 ж. 277 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области