Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақстанда коронавирусқа қарсы тексеріс күшейді

Қазақстанда коронавирусқа қарсы тексеріс күшейді

Kyzylorda-news.kz. Қытайда пайда болған коронавирусқа байланысты ел шекарасында бақылау күшейтілді, деп хабарлайды «Хабар 24».Қазақстанға келген әрбір адам мен тауар тепловизордың көмегімен жіті тексеріліп жатыр. Аспан асты елінен келген жолаушыларға, тасымалдаушылар мен экипаж мүшелеріне әуежай, темір жол вокзалдарында арнайы қондырғылармен тексеріс жүргізілуде.
Атап өтейік, бүгінде Қытайдан елорда әуежайына 3, Алматыға 6 рейс келеді. Вирус шыққалы Қазақстанға ұзын ырғасы 13 мыңнан астам адам кірген. Бірде біреуінде аталған дерттің белгілері анықталған жоқ. Ал соңғы деректер бойынша көрші мемлекетте 570 шақты адамның коронавирусқа шалдыққаны айтылды. 17 азамат қайтыс болды. Аурудың осы кезге дейін Жапония, Оңтүстік Корея, АҚШ-қа дейін жеткені анықталды. Ауырғандардың барлығы Қытайдың Ухань қаласына барған. Сондықтан еліміздің денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері жақын арада көрші мемлекетке бармауға кеңес береді.
«Адам көп шоғырланған орындардан бойды аулақ ұстаған жөн», – дейді мамандар.
Себебі коронавирус осы кезге дейін жануар, хайуандар арқылы таралса, енді ауа арқылы адамнан адамға да таралуы мүмкін.
23 қаңтар 2020 ж. 330 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области