Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда облысында жолдағы қауіпсіздік күшейтілді

Қызылорда облысында жолдағы қауіпсіздік күшейтілді

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы полиция департаментінің қызметкерлері жолдағы төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында ауа-райы салдарынан күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Бұл туралы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Самара-Шымкент тас жолы 1240-1357 шақырым аралығына, яғни Ақтөбе облысының шекарасынан бастап Арал қаласына дейін және Қызылорда-Жезқазған тас жолында барлық көліктердің қозғалысына шектеу қойылған. Осыған орай, өңірде төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында қозғалыс шектелді.
Жолда қалуға мәжбүр болған жүргізушілер осындай шараларға түсіністікпен қарап, тайғақ және боранның салдарынан жолды жалғастыру қауіпті екенін түсінді. Қазіргі таңда полицейлер жүргізушілермен түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда.
«Қызылорда облысы полиция департаментінің қызметкерлері оқыс оқиғалардың алдын алу үшін тәулік бойы патрульдеу және бақылау жұмыстарын жүргізіп жатыр.Жол қауіпсіздігін және оқыс жағдайлардың алдын алу мақсатында төтенше жағдай және «ҚазАвтоЖол» ЖШС-нің қызметкерлерімен бірлесіп жұмыс жасады. Нәтижесінде 440-қа жуық автокөліктердің 1000-нан аса жолаушылары мен жүргізушілеріне көмек көрсетілді. Ауа-райы қолайсыздығы салдарынан жол жиегінен шығып кеткен автокөліктерге жедел шаралар қолданылды. Сондай-ақ, тас жолда әр түрлі техникалық ақауларға байланысты тұрып қалған автокөліктердің жүргізушілері мен жолаушыларына алғашқы көмек көрсетіліп, автокөліктердің ақауларын жөндеу мақсатында жақын жердегі орналасқан кешендерге жеткізілді», - делінген хабарламада.
Тәулік бойы үздіксіз жұмыстың, жүргізушілерге және жолаушыларға дер кезінде көмек көрсетуінің нәтижесінде бүгін сағат 11:30-дан бастап Ақтөбе облысына қарай жол ашылып, қозғалыс қайта жалғасты.«Самара – Шымкент» тасжолымен жүруге рұқсат беріліп, жүргізушілер мен жолаушылар сапарларын одан әрі жалғастыруда.
Қазіргі таңда республикалық маңызы бар тасжолдағы көліктерді өткізіп, кептелісті болдырмау мақсатында полицейлер әлі де күшейтілген түрде қызмет жасап жатыр.
23 қаңтар 2020 ж. 281 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области