Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда облысында жыл басынан бері 31 мас жүргізуші ұсталды

Қызылорда облысында жыл басынан бері 31 мас жүргізуші ұсталды

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қалалық полиция басқармасының Жергілікті полиция қызметі бөлімінің қызметкерлері жол қауіпсіздігін алдын алу және жол-көлік оқиғаларын болдырмау мақсатында ауқымды профилактикалық жұмыстарын жүргізуде. Бұл туралы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.Ағымдағы жылдың басынан бері патрульдік полицейлер 2 478-ден астам жол қозғалысы ережесін бұзудың жолын кесті, соның ішінде - 31 жүргізуші мас күйінде көлік құралын жүргізгені үшін ұсталды. Мас күйінде көлік жүргізу фактілері бойынша полицейлер әкімшілік хаттамаларын толтырып, материалдары сотқа жолданды. Енді жүргізушілер басқару құқығынан айырылуы мүмкін.
Айта кетерлігі, қызылордалық жүргізушілердің «танымал» тәртіп бұзушылықтарының қатарында - қауіпсіздік белдігін пайдаланбау - 598 дерегі, жүру кезінде ұялы телефон арқылы сөйлесу - 311 дерегі, жаяу жүргіншілердің жүруіне басымдық бермеу - 88 бұзушылық, қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығу - 11 дерегі.
Полицейлер жүргізушілерді аса жауапты болуға және ішімдік ішкеннен кейін автокөлікті басқару мүмкіндігі туралы ойланбауға, сондай-ақ, осының салдары туралы есте сақтауға шақырады.
Полиция қызметкерлері мас күйдегі жүргізуші рөлге отырғанына куә болған барлық азаматтарды дереу «102» қызметіне хабарлауды сұрайды. Есіңізде болсын, сіздің қоңырау біреудің өмірін құтқара алады.
23 қаңтар 2020 ж. 254 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области