Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Сыр өңірінің тәртіп сақшылары ескертеді

Сыр өңірінің тәртіп сақшылары ескертеді

Қызылордада жол қозғалыс ережесін қадағалау барысында сот қаулысымен көлік құралын басқару құқығынан шектелген жүргізушілердің көлік тізгініне қайта отыру деректері орын алуда, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ағымдағы жылдың 11 айында жүргізушінің көлік құралын алькогольдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру бойынша 1104 әкімшілік шара көрілді. Оның 125-і әкімшілік қамаққа алынып, 979-ы жүргізуші куәлігінен шектетілді.
Осы көрсетілген ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабымен құқық бұзған жағдайда көлік құралын басқару құқығынан үш жыл мерзімге айыруға әкеп соғады.
Ал егер аталған әкімшілік құқық бұзушылық бабының бірінші бөлігінде көрсетілген жағдайды екінші рет қайталап жасаған жағдайда көлік құралын басқару құқығынан 4 жылға айырады. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, жәбірленушінің денсаулығына қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері жоқ зиян келтіруге немесе көлік құралдарын, жүктерді, жол құрылыстары мен өзге де құрылыстарды не өзге мүлікті бүлдіруге әкеп соққан әрекеттер көлік құралын басқару құқығынан 5 жыл мерзімге айыруға әкеп соғады.
Аағымдағы жылдың 10 сәуірінде 32 жастағы қала тұрғыны автокөлікті масаң күйде басқарғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Соған қарамастан, 6 айдан соң ол ішімдік ішіп, көлік тізгініне қайта отырады. Нәтижесінде, ол 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, 6 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.
Осы орайда, тәртіп сақшылары темір тұлпар тізгіндеген азаматтарға жол жүру ережелерін қатаң сақтап, мүлтіксіз орындаудың маңыздылығын ескертеді.
29 желтоқсан 2018 ж. 571 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области