Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада автобусты мас күйінде тізгіндеген жүргізуші ұсталды

Қызылордада автобусты мас күйінде тізгіндеген жүргізуші ұсталды

Kyzylorda-news.kz. Қызылордада мас күйінде автобус тізгініне отырған азамат ұсталды. Орталық көшелермен жүйіткіген қоғамдық көлік жүргізушісі тәртіп сақшыларының ескертуіне құлақ аспаған.
Тек патрульдік көлікпен тосқауыл жасаған соң ғана ішімдікке сылқия тойған жүргізуші тежегішті басқан. Полицейлер оны наркологиялық диспансерге жеткізді. Бұл заң бұзушылық облыста «Қауіпсіз жол» профилактикалық шарасы кезінде орын алған. Жалпы, шара өңірде жол-көлік оқиғаларының жиілеуіне байланысты өткізілуде. 3 күнде мас күйінде көлік тізгіндеген 14 және құжатсыз жүрген 94 жүргізуші қолға түскен.  
«Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 608-бабымен хаттама толтырылды. Сондай-ақ бұл іс-шараға еріктілер жұмылдырылып, жүргізушілерге және жаяу жүргіншілерге түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыс өз жалғасын табатын болады», - дейді облыстық полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Шәмшидин Әмитов.
28 қараша 2019 ж. 307 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области