Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Сырдария өзенінде мұз кептеліп, су деңгейі көтеріледі

Сырдария өзенінде мұз кептеліп, су деңгейі көтеріледі

Kyzylorda-news.kz. «Қазгидромет» РМК-ның Гидрология департаменті 23-25 қаңтар аралығындағы ауа райына байланысты ескерту жариялады.
«23-25 қаңтар аралығында Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарының өзендерінде, сондай-ақ Қызылорда облысындағы Сырдария өзенінде ауа температурасының жылынуына байланысты (мұз қабаттарының жұқаруы, өзендерде сеңнің тоқтауы) мұз кептеліп, су деңгейі көтерілуі мүмкін», - деп хабарлайды ведомство.
Кептеліс – бұл өзен арнасында оның ағысын шектейтін мұздың жиналуы. Әдетте мұз кептелісі мен сеңнің тоқтауы салдарынан су деңгейі көтеріліп тасиды.
Осыған қарай ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті өңір азаматтарынан аталған күндері барынша қырағылық танытуды, төтенше жағдай болған сәтте 112 құтқару қызметінің бірыңғай нөміріне қоңырау шалуды сұрайды.
«Азаматтық қорғаныс бөлімшелері толық дайындыққа келтірілді. Өзендерді гидрологиялық ахуалға мониторинг күшейтілді», - делінген комитет ақпаратында.
23 қаңтар 2020 ж. 224 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области