Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «Өліп қалған жағдайда Кеңсайдан орын дайын!» Иманбаева еңбек сіңірген қайраткерлерге қарастырылған жеңілдікті атады

«Өліп қалған жағдайда Кеңсайдан орын дайын!» Иманбаева еңбек сіңірген қайраткерлерге қарастырылған жеңілдікті атады

Айгүл Иманбаева елімізге еңбек сіңген қайраткерлер санатында. «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері!» Әртістер қауымы Димаш Құдайбергеннің су жаңа атағына қатысты ел білмейтін ақпараттармен бөлісті, деп жазады Shownews.kz.
Таяуда Димаш Құдайберген «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» мәртебесін еншілеген еді. Бір қызығы, бұл атақ жас талғамайды. Әлем таныған қазақ баласына жиырма бес жасында бұйырса, Нұрлан Абдуллин қырықтан асқан шағында Елбасының жеке араласуымен әрең қол жеткізген көрінеді.
«Оны Елбасы өзі естіп, осы күнге дейін сен әлі алған жоқсың ба деп, жігіттерге кішкене наразылық білдірді. Мен өзім бұйрыққа қол қоямын деп, өзі қол қойып Ақордадан алдым. Мен үшін сол кісінің өзі: «Әй, Нұрлан сенің еңбегің өтті ғой» дегеннің өзі ең үлкен атақ!» – дейді Нұрлан Абдуллин.
Айтпақшы, Айгүл Иманбаева да елімізге еңбек сіңген қайраткерлер санатында. Бір қызығы, тек төсбелгі тағылып, куәлігімен расталатын аталмыш атақтың өнерпаздар үшін аса пайдасы жоқ болып шықты.
«Еңбек сіңірген қайраткердің» материалдық тұрғыдағы жеңілдігі қатты ауырып қалсаңыз президенттің емханасында тегін емделесіз. Өліп қалған жағдайда Кеңсайдан орын дайын. Иә, осы екі жағдай! (күледі) 2015 жылдан бастап бұл мүмкіндіктерді де алып тастады. Қазір шынымен де пайдасы жоқ шығар. Кейде кім көрінгенде алып жатады. Еңбектенген әріптестерің алмай, басқа біреулер алып жатқанда өзің ойланып қаласың. Атақтың кұны не болып кетті деп ойланатын кездер болады», – дейді Айгүл Иманбаева.
Көшқалиев кәсіби сахнадағы алғашқы қадамын 2003-ші жылы бастаған. ірақ әлі күнге дейін Бейбітке бірде-бір атақ бұйырмапты. Тіпті, талпынып та, қызығып та көрмеген. Өйткені…
«Уақыт өте келе түсінесің, ол атақ керек емес. Қатты бір пайдасы да жоқ негізі. Дегенмен, өзіңнің имиджің деп айтады ғой. Сән үшін демесең, ешқандай не көріп тұрған жоқпын. Ең бастысы – сенің әндерің», – дейді Бейбіт Көшқалиев.
Ал, «Музартағы» Кенжебек мемлекеттің тарапынан берілетін марапаттарды алуға жүрексініп жүр. Кезінде Мейрамбек, Сәкенмен қатар «Мәдениет қайраткері» атанған Жанәбіловтің сырт көздің сынына іліккені әлі есінде.
«Кеше ғана келіп, қалай ол «Мәдениет қайраткері» атағын алады деген сияқты әңгімелер болды. Содан кейін шынымды айтсам «Еңбек сіңірген қайраткер» атағын алғым келмей жүр. (күледі) Шошып қалдым, шошытып тастады», – дейді «Музарт» тобының әншісі.
Жыл соңында марапатталған өнер майталмандарының қарасы көп! Мәселен, Роза Рымбаева жоғары дәрежелі «Қазақстанның Еңбек ері» наградасын еншілесе, биыл Тамар Асар «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атанды.
26 қаңтар 2020 ж. 366 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области